Соңғы қоңырау
Автор: admin от 25 май, раздел: Жаңалықтар, просмотров 3 224
- 0
Міне оқу жылы да аяқталды. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын жас түлектер мерекесі. Шымкент қаласында 7987 мектеп бітіруші түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Қаламыздағы №45 мектеп-гимназиясының салтанатты кешіне қала әкімі Нұрлан Сауранбаев мырза қатысты. Жанарларын қимастық сезім жайлаған жас түлектер мерекесінде оларға деген ыстық лебіздер легі төгілді.
Қала басшысы оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жас бітіруші түлектерге өзінің ақ тілектерін жеткізді. Егеменді еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында екендігін айта келе, Шымкентте сапалы, әрі қазіргі заман талабына сай терең білім алу үшін барлық жағдайлардың жасалғандығын, білім сапасын дамыту бойынша ауқымды жұмыс жасалынып жатқандығын айтып өтті. Нұрлан Ермекұлы бітіруші түлектерге ҰБТ –ді өз деңгейінде тапсырып, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуіне ыстық ниетін білдірді.
скачать dle 12.0
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылық 75%-ға азайды
Пікірлер