Күні кеше ҰБТ-дің алғашқы құрамы да өз бақтарын сынаған болатын. Қала бойынша жүз отызға жетіп жығылатын білім ошақтарынан қанат қаққан түлектер алдында үлкен сын күтіп тұрғаны да жасырын емес еді. Алып-ұшқан көңіл мен тынымсыз соққан жүрек дүбірі жас түлектерді дүрліктіріп тастағаны да баршаға аян. Бұл додада қанша дайындық көріп бәйгеге бейімделген жас талапкерлердің бағына да байланысты шығар...